Мәдениетті жаңғырту

Қызылорда облысының «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Түркияда өнер көрсетеді

"Ақмешіт" фольклорлық ансамблі Түркия елінің Стамбул, Анкара, Адана т.б ірі шаһарларында өтетін Наурыз мерекесін тойлауға жолға шықты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда20 Наурыз , 20:21

««Ақмешіт» фольклорлық ансамблі - Сыр бойының төлтума өнерін, ұлттық фольклорын насихаттау мақсатында 2009 жылы облыстық филармония жанынан құрылды. Қазіргі таңда ансамбльдің құрамында 12 өнерпаз жұмыс жасайды», - делінген хабарламада.

 Ансамбльге халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, күйші- сазгер Абылайхан Сқақов жетекшілік етеді. Ансамбль репертуарындағы қазақ композиторларының күйлері мен халық әндері жаңаша өңдеумен көрермендер назарына ұсынылып жүр. Репертуарында 100-ден астам шығармалар бар. Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» бірлестігі мен облыс әкімінің арнайы сертификатына ие болды.

Астана, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларында гастрольдік сапарда болып Сыр елінің төл өнерінің шоқтығын танытты. Ансамбль мүшелері облыстық филармонияның 40 жылдығына арналған естелік медальмен марапатталды.

2014 жылы наурыз айында Түркияда өткен Түркі тілдес елдердің Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған өнер фестивалінде Сыр елі өнерін насихаттау мақсатында өнер көрсетіп, Түрксой халықаралық ұйымының арнайы дипломымен марапатталды.

 




Яндекс.Метрика