Адамзаттық капитал

Прокуратура ардагерлері Наурыз мейрамына орай ведомстволық наградаларға ие болды

Бас прокуратурада Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиын болып өтті, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы21 Наурыз , 14:32

Ұжымды аталмыш мерекемен құттықтаған Бас прокурор Тәуелсіздік жылдарында көнеден жеткен осынау ұлы мейрам қазіргі заман дәстүріне етене сіңісіп, көктемгі жаңарудың, уақыт бедерінің, Қазақстанның өткен тарихы мен қазіргі заманының, ұлттық дәстүр мен туған Отанға деген адалдық сабақтастығының айнымас белгісіне айналғандығын атап өтті.

Ол бүгінде қол жеткізген табыстарымызды еселей түсу, қоғамдық келісім мен ел бірлігін, ішкі саяси тұрақтылықты, халқымыздың мәдени құндылықтары мен өткен тарихына деген адалдықты нығайта берудің аса маңызды екендігіне тоқталды.

Салтанатты жиын орталық аппараттың құрметті демалысқа шыққан қызметкерлерін марапаттау рәсіміне ұласты. Асхат Дауылбаев прокуратура ардагерлеріне ұзақ жылғы жемісті еңбектері үшін алғыс айтып, оларға ведомстволық наградалар тапсырды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика