«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Инфрақұрылымдық жобаларға әйелдердің белсенді қатысуы «Нұрлы жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға септігін тигізеді - Әбдіхалықова (ФОТО)

Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының отырысы өтті.
Астана қаласы 20 Наурыз, 11:36

«Инфрақұрылымдық жобаларға әйелдердің белсенді қатысуы «Нұрлы жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға, экономиканы одан ары дамытуға септігін тигізеді. Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 11 наурызында өткен Нұр Отан партиясының XVI съезінде Мемлекет басшысы бес институционалды реформаны жариялады. Оның ішінде әртараптандыруға негізделген индустрияландыру мен экономика өсімі бар. Бұл турғыда әйелдердің экономикалық әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөліну қажет, басты рөлді әйел кәсіпкерлігін дамыту, әйелдердің индустриалды-инновациялық жобаларға қатысуы атқарады Әр жұмыс істегісі келетін келіншек жұмыспен қамтылуы тиіс»,- деді Г.Әбдіхалықова.

Индутрияландыру бағдарламасының алғашқы бес жылдығында 770 жоба іске қосылды. Бұл жобаларда 18 мың әйел жұмыспен қамтылды (29%). Жалпы, әйелдердің еліміздің ЖІӨ-ге қосатын үлесі 40% шамасында.

Ұлтты комиссияның төрағасы Гүлшара Әбдіхалықова атап өткендей, ел экономикасындағы әйелдердің үлесін арттыру өте маңызды.  ХВҚ сарапшыларының пайымынща, «еңбек нарығында әйелдер қауымы көп болған сайын, әлемнің ЖІӨ көрсеткіші де ардаты. Кейбір елдерді нәзік жандылар экономика өсімін 30%-ға дейін жылдамдата алады».

Келелі кеңесте мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының гендірлік аспектілері, Алматы, Астана қалалары мен облыстардың даму бағдарламалары және өмір сүру сапасын арттыру мақсатындағы шаралар қаралды.

Бұдан басқа, алқа мәжілісіне қатысушылар «Әйел денсаулығы» елордалық медицина орталығының тәжірибесімен танысты. Орталық жетекшісі, профессор Раушан Рахымжанова Ұлттық комиссия мүшелерінің елімізде әйелдердің онкологиялық ауруларға шалдығу жағдайлары 1-ші орында тұрғанына назарын аударды.

Талқылаулар қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына ұсыныстар жасақтады.

Камила Амирова

 

 





Яндекс.Метрика