Адами капитал

Таразда күзгі әскерге шақыру кампаниясының өзекті мәселелері талқыланды (Фото)

Таразда Қазақстанның Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеевтің жалпы басшылығымен 2014 жылғы күзгі әскерге шақыру қорытындысы мен алдағы уақытта армия қатарына әскерге шақырудағы міндеттерді айқындау бойынша нұсқаулық-әдістемелік дәріс өтті.
Жамбыл20 Наурыз , 18:02

Шараға ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті, қорғаныс істері жөніндегі департаменттер басшылығының өкілдері қатысты. Осы бағыттағы жұмыстарға Қазақстанның барлық облыстарындағы жергілікті атқарушы орган өкілдері, медициналық комиссия төрағалары, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызмет өкілдерінің қатыстырылуы міндетті саналады.

Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінде басталатын көктемгі әскерге шақыру науқаны жаңа ҚР Қылмыстық кодексінің заң күшіне енуімен тұспа-тұс келіп отыр. Онда әскери қызметтен жалтарудағы жауапкершілікке тарту туралы баптың өзекті екендігін атап өтеміз. Атап айтқанда, жаңа қылмыстық кодекстің қабылдануымен әскери міндетті атқарудан жалтарғаны үшін жазалар күшейтілді. Заң бұзушыларға ақшалай айыппұл салынып, қасақана әскери қызметтен жалтарған азаматтар қамауға алынады.

Сонымен қатар, нұсқаулық-әдістемелік сабақтар барысында ҚР Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен құрамаларының қатарына әскер қатарына шақырылуға ниет білдіргендер саны армияның талабын айтарлықтай арттырғандығы айтылды.

Бұл кәсіби негізге көшу қарқынының өсуімен байланысты орын алып отыр. Ағымдағы жылы Қорғаныс министрлігі басшылығының алға қойылған тапсырмаларына сәйкес жұмылдыру органдары келісімшарт қызметіндегі әскерилер және мерзімді қызметтегі сарбаздар санының ара қатынасы 80%  және 20% құрайды деп отыр. Өткен жылы бұл арақатынас 70 % және 30 % құраған болатын.

Осы тұрғыда жұмылдыру органдарының алдында Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен құрамалардың қатарына жасөспірімдерді сапалы іріктеу, әрбір әскер қатарына шақырылушының жеке қасиетін зерделеу бойынша міндеттер тұр. Жасөспірімдерді мерзімді әскери қызметке шақырудағы басты мақсат еліміздегі білікті әрі оқытылған әскери резервті даярлау болып отыр. 

 




Яндекс.Метрика