Инфрақұрылымның дамуы

2015 жылы Ақтөбеде 540 отбасына баспанамен қамту мақсатында 3 тұрғын үй салынады

Осы жылдың жаз маусымында Қазақстан Ипотекалық компаниясы Юнис сити ауданында тұрғын үйлерді пайдалануға бере бастайды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе20 Наурыз , 17:41

«Өңірлерді дамыту — 2020» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері арқылы облыс бойынша 457,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, республикалық бюджет есебінен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ жүйесі бойынша 33,3 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй, жас отбасылар үшін болашақта сатып алуға рұқсат берілетін 13,3 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй, республикалық бюджет есебінен кезекте тұрғындар үшін 12,9 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй салынады.

Сонымен қатар, жекелеген адамдар мен құрылыс фирмалары да жеке және коммерциялық тұрғын үйлер салатын болады. Ал «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы 29,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

«Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен несиелік тұрғын үй бойынша «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 3 көп қатарлы тұрғын үй салу қаралған. Бұл үйлер пайдалануға берілген кезде 540 отбасы пәтерлі болады. Бұдан басқа осы шағын ауданда Ұлттық қордан бөлінетін 2500,0 миллион теңгеге 3 несиелік тұрғын үй салынады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекеттік қолжетімді баспана бағдарламасында жас отбастарын жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету қаралған. Осы мақсатта «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 234 пәтерлік тұрғын үй жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі.

Баспасөз мәслихатында Қанат Нұршин, Геннадий Дудаков, Жанаргүл Дүйсекенова журналистер қойған сұрақтарға жауап берді.

 

 




Яндекс.Метрика