Ұлттың денсаулығы

Семейде 150 орындық гематологиялық орталықтың құрылысы басталды

Орталық Азиядағы алғашқы гематологиялық орталық Шығыс Қазақстан облысында салынады, деп хабарлайды облыстың ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан20 Наурыз , 19:24

Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында гематологиялық орталық салынатын жерді көріп, бекітті. Орталық - климат реттейтін қасиеті бар 1-ші топтағы аса құнды ағаштар өсетін қарағай орманында орналасатын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Семейде 150 орындық гематологиялық орталық салу боийынша тиісті жұмыстар атқаруда. Аталмыш орталық жоғары технологиялық әдістерді қолдану арқылы жүргізілетін гематологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырады, сондай-ақ қан жүйесі ауруларын анықтап, емдеп, жілік майын трансплантациялауға мүмкіндік береді.     

Бұл Орталық Азия бойынша салынып отырған алғашқы орталық. Оның негізгі мақсаты – гемобластоздан мерт болатындар санын кеміту болып табылады.    

  




Яндекс.Метрика