Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Астанада «Президенттік сайлау – 2015: еліміздің дамуындағы жаңа кезең» ІІ саясаткерлер форумы өтуде

Бүгін Астанада «Президенттік сайлау – 2015: еліміздің дамуындағы жаңа кезең» саясаткерлердің ІІ астаналық форумы өтуде. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 120 делегат қатысуда.
Астана қаласы20 Наурыз , 10:56

Форумға қатысушылар президенттік сайлаудың демократиялық құқықтық мемлекеттің ажырамас бөлшегі ретінде мағынасын, оның қазақ қоғамын біріктірудегі ролін, сонымен қатар 2015 жылғы сайлау науқанының ерекшелігін талқылауда. Сарапшылар қауымдастығы бұл сайлауға «Қазақстан - 2050» стратегиясы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруда серпін беретін жаңа күш ретінде баға беріп отыр.

«Бүгінде сайлауға келуді қамтамасыз ету керек, себебі халықтың басым  бөлігі өз-өздерін жұмыспен қамтыған, оның үстіне ішкі мигрция да жақсы дамыған. Халықтың сайлауға келуін қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті «Қазақстанның Азаматтық альянсы»ЗТБ президенті Нұрлан Ерімбетов.

Оның айтуынша, халықты алдағы сайлау туралы хабардар ету керек және әр Қазақстан азаматына  оның даусы маңызды екенін жеткізген жөн.

Айта кетерлік жайт, шара барысында спикерлер ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары, ғалымдар, сарапшылар мен саясаткерлер сөз сөйледі.

Ал, форумды «Қазақстанның саясаткерлер конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика