ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Алматыда қалалық ортадағы қазақ тілінің мәселесі талқыланды

Алматы қаласы20 Наурыз , 15:06

Алматыда қалалық тілдерді тамыту басқармасының басшысы Мамай Ахетовтың қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысында қалалық ортадағы қазақ тілі проблемасы талқыланды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Отырыс барысында мәжіліске қатысушылар тарапынан жаңа – қазақ тілінің жарнамашысы мамандығын енгізу туралы ұсыныс түсті. Қатысушылардың пікірлерінше, аталмыш мамандық  жарнама мәтіндерінің мемлекеттік тілге сапасыз аударылуынан құтқарады. 

«Осы мәселенің шешімі ретінде біз қазақ тілінің жарнамашысы деген жаңа мамандық енгізуді ұсынамыз. Ол мамандық иесі тек тілді біліп қана қоймай, қазақ мәдениетін де жетік меңгеруі керек. Ол жарнаманы түріктілді халықтар үшін жасауы керек»,-деді  А.Байтұрсынов атындағы тіл ғылымы институтының директоры Анар Фазылжанова.

Оның пікірінше, қазақ тілін жоғары деңгейде білетін маман тек қаланың көркін келтіріп қана қоймай, тауарлар мен қызметтер көлемінің артуына ықпал етеді. Қазақстанда терминологиялық комитет жоқ, сол себепті бұл бағытта жұмыс істеу керек.  

Ал А.Байтұрсынов атындағы Тіл ғылымы институтының ғылыми қызметкері  Нұргелді Уәли филологиялық білім беру жүйесін реформалауды ұсынды. «Ресейде филология саласы филолог-логопед, филолог-референт, филолог-жарнамашы сияқты 42 түрлі бағытқа бөлінеді. Біз әлі күнге дейін Кеңес Одағындағы  жүйемен жұмыс істеп келеміз. Біздің қоғамның қазақ тіліне деген сұранысы жоғары. Ал осы осы сұранысты қанағаттандыратын филологтар өте аз»,-деді ол.

Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Мамай Ахетовтың сөзінше, қалалық әкімшілік мемлекеттік тілдің сапасын арттыру бағытында дөңгелек үстел отырысының қатысушыларымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын.  «Қалалық ортадағы қазақ тілі» атты тақырыпта өткен өңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша, арнайы резолюция мен мәселенің өзекті бағыттары бойынша кеңестер қабылданды.  

  

 

 




Яндекс.Метрика