Адами капитал

Ұлттық банк пен ҰКП-ның өкілдері Қазақстанда бизнесті қорғау мәселесін талқыға салды

Астанада Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиуымының төрағасы Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен қаржы секторының мәжілісі өтті.
Астана қаласы20 Наурыз , 11:54

Ұлттық кәсіпкерлік палата өкілдерінің мәлімдеулерінше, мәжіліс Ұлттық банк пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім аясында өтті. Сондай-ақ басқосу еліміздегі бизнесті қорғау мәселесіне арналды. 

ҰКП-ның президиум төрағасы Т.Құлыбаевтың айтуынша, ұлттық валютаның рөлін арттыру бағытындағы шараларда төл валютамыздың өткізу мүмкіндіктері мен арналары аз.

Ұлттық банк төрағасының деректерінше, қазіргі таңда валютаны негізгі реттеушісі банкаралық нарықтан кетіп, қазіргі таңда қайтадан екіншідеңгейлі банктер алдыңғы орынға шықты. «Өткен жылдың желтоқсан айының өзінде реттеуші тарапынан жеткізілетін «біркүндік теңге» 500 миллиард теңгеден асса, қазір Ұлттық банк өзінің қатысуын 200-300 миллион долларға дейін кемітті.  Өзара алмасу ставкасы 15-тен 14 пайызға дейін төмендеді. Егер осы қарқын сақталатын болса, біз сәуір айынан бастап, бұл көрсеткішті 12 пайызға дейін кемітуді жоспарлап отырмыз. Ал макароэкономикалық жағдай оңды болатын болса, біз өзара алмасу ставкасын 1 пайызға дейін кемітетін боламыз»,-деді Қ.Келімбетов.  

Хабарламадан мәлім болғанындай ҰКП-ы президуымынң басшысы сәуір айында Алматыда бас қосып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында іскерлік ортаны толғандырып отырған өзекті мәселелерді ортаға салуға шақырды. Сонымен қатар осы жиында Ұлттық банк тарапынан қолға алынған бастамаларды сәтімен жүзеге асыру үшін Ұлттық банк пен ҰКП-ның сарапшыларынан тұратын жұмыс тобын құру ұсынылды.   

Сонымен қатар, Т.Құлыбаев қаржылық қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығынатап өтті. Оның пікірінше, мұндай жағдай тек бизнес заңдық тұрғыда толық қорғалатын болғанда ғана мүмкін болмақ.

Басқосуда ҰКП-ы бюросының басшысы шенеуніктердің іскерлік қатынастарға араласуын шектеу үшін заңды қорғаныс шараларын қарастыру, кәсіпкерлерге қысым жасауға жол бермеу сияқты бизнестің өрістеуіне жол ашатын өзге де бірқатар мәселелер туралы сөз қозғап, олар бойынша басқосуға қатысушылармен өзара пікір алмасты.

 

 

 




Яндекс.Метрика