Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында химия өнеркәсібі саласында 2,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында, яғни 2010-2014 жылдар аралығында химия өнеркәсібі саласында45 кәсіпорын іске қосылды (2010 жыл – 5 нысан; 2011 жылы – 13 нысан; 2012 жылы – 7 нысан; 2013жылы – 9 нысан; 2014 жылы – 11 нысан).
Казахстан20 Наурыз , 12:19

Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, бес жылдың ішінде салада барлығы 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылды.

Қазір елімізде химия саласының 410  кәсіпорыны жұмыс істейді. Оның 371-і – шағын, 26-сы – орта, 13-і – ірі кәсіпорын. Олар негізінен базалық химикаттар, минералдық тыңайтқыштар, лактар мен бояулар, пестицидтер және басқа агрохимиялық өнімдерді шығарады.

2014 жылы 100 139 тонна фосфор,19 543 тонна хлор, 2 277 720 тонна күкірт қышқылы, 32 954 тонна окись хром тотығы, 29 479 тонн натрий гидроксиді, 282 848 тонна  азот тыңайтқыштары, 82 424 тонна фосфор тыңайтқыштары, 6 739 тонна жуу қоспалары және  67 913 тонна полимер негізінде бояу  және лактар шығарылды.

2014 жылы химия өнімдерін өндірудің негізгі көлемі мына облыстарға: Жамбыл – 23,7%, Ақтөбе – 13,3%, Маңғыстау – 10,2%, Қарағанды – 14,3%, Шығыс Қазақстан  –  10,8% және Павлодар – 6,7% тиесілі. Өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда Маңғыстау облысының үлесі артты, өйткені «Қазазот» ЖШС жоспарлы қуатына шыққан болатын.

Индустрияландыру картасы аясында құрылған сала кәсіпорындары  еліміздің елеулі үлес қосып келеді – химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлеміндегі олардың  үлес салмағы 2010 жылғы  0,9%-дан 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында  22,7%-ға дейін өсті 

 

 




Яндекс.Метрика