Ұлтаралық бірлік

ҚР ІІМ ТЖ комитетінде «Армысың, әз Наурыз» мерекелік іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде «Наурыз мейрамын» және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20-жылдығын тойлау құрметіне іс-шара өткізілді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
Астана қаласы20 Наурыз , 11:21

«Армысың, әз Наурыз» мерекелік байқауы Комитеттің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында өткізілді. Іс-шараны өткізудің басты мақсаты мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау болып табылады.  

Он құрылымдық бөлімше әділқазылар алқасына әр ұлттың салт-дәстүрлерін көрсетті, олар: қазақ, орыс, әзербайжан, грузин, мексикандықтар, испандықтар, еврей, армян, жапон және корей. Қатысушылар әр ұлттың әсем ұлттық киімдерін киіп, жиналған қауымның көңіл-күйін көтерді. Байқауға қатысушылар топ-топқа бөлініп, ұлттық тағамдарын қойып, дастархан жайды. Қатысушылар әр тағамды әзірлеу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, дастархандағы ас мәзірлерімен таныстырды. Байқау шартына сәйкес бұл тапсырманы олар мемлекеттік тілде таныстырып өтті. Осының бәрі байқаушылардың музыкалық нөмірлерімен сүйемелденді.

Байқау комиссиясына жеңімпаздарды анықтау оңай болған жоқ. Әр бөлімше бұл іс-шараның тапсырмаларына жауапкершілікпен қарап, өздерінің ерекшеліктерін байқатты.

Ұзақ талқылаудан соң қазылар алқасы 1-ші орынды Мексика елін таныстырған Өрт сөндіру қызметінің жұмысын ұйымдастыру басқармасына берді. Екінші орынды еврей халқының мәдениетін көрсеткен Ақпараттық-аналитикалық басқарма жеңіп алды. Үшінші орынды сәйкесінше орыс және жапон этностарын көрсеткен Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы мен Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы өзара бөлісті. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитеті төрағасының Алғыс хаттары мен сыйлықтар тапсырылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы В.В. Петров Комитеттің барлық қатысушылары мен қызметкерлерін мерекемен құттықтады: «Наурыз – бұл көктем мен жаңару мерекесі, осы кезде барлығы жаңарып, жанданады, жаңа үміттер оянады. 5 мың жылдан бері тойланып келе жатқан Наурыз мерекесі бірлікті, бауырмалдықты, толеранттылықты және тұрақтылықты бейнелейді. Ежелден келе жатқан күн мен түн теңесетін осы мейрамды біздің көпұлтты еліміз де тойлайды». Комитет басшысы барлығына денсаулық, отбасы амандығын, бақыт пен жақсылық тіледі.

 

 




Яндекс.Метрика