Инновациялар

Алматыда қолданбалы инновацияны кластерлендіруге үлкен мүмкіндіктер бар – Исекешев

Алматыда қолданбалы инновацияны кластерлендіруге үлкен мүмкіндіктер бар, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Алматыда өткен Соколово Стартап турында.
Алматы қаласы20 Наурыз , 12:51

«Іс-шара «Almaty Tech Garden» Сколково қорымен тығыз ынтымақтастығының арқасында өткізілуде, және бұл перспективтік инновациялық жобаларды қолдау мен дамытуға бағытталған. Қазақстандық стартаптар үшін Еуразиялық Экономикалық Одақтың нарығында жұмыс істеу үшін өзінің бизнес-стратегиясын дұрыс қалыптастыруды үйрену мен түсінуге жақсы мүмкіндік алатын орын», - деді ол.

Жетістікке жеткен стартаптар – бұл жаһандық нарықты көздеген технологиялық компаниялар. Осындай мақсаттар сәтті бәсекелесуге және ішкі нарықта дамуға, еліміздің жаңа, интеллектуалдық экономикасын қалыптастыратын жас кәсіби ортаны құруға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, Almaty Tech Garden мен Сколково үшін инновацияны дамыту Жаһандық кәсіпкерлікке айналғаны маңызды болып отыр. Бүгінгі күні, жаһандық бәсеке жағдайында осындай халықаралық форумдар өте қажет. Бүгін Сколково бізде қонақта, ал маусым айында біз Қазақстанның атынан біздің финалистерді Сколковоға Стартап Вилладж (startup village) қатыстыруға апарамыз. Кейін, осы жылы, біздің стартаптарды Кремний алқабына акселерацияға апаруды жоспарлап отырмыз.

Мемлекеттің саясаты инновацияның жан-жақты дамуын, соның ішінде – жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Индустрияландыру бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда екі инновациялық даму орталықтары қалыптастырылуда:Біріншісі, Астанада, Назарбаев Университеті базасында.Екіншісі, Алматыда, «Almaty Tech Garden» аймақтық инновациялық хабқа айналған Инновациялық технологиялар паркінде.

Министрдің ақпаратынша, Алматыда қолданбалы инновацияны кластерлендіруге үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл жерде 1000-ға жуық онлайн бизнес бар, оның басым бөлігі соңғы екі жылда құрылған. Сондықтан кластер сұранысы бар инновация туындайтын ортаға айналуы тиіс. Біз басқа қалаларды да талдап көрдік, бірақ Алматы – бұл инновациялық және АйТи компаниялардың, қабілетті жастардың орналасқан жері. Тек осы жерде 58 жоғарғы оқу орындарында 187 мың студент оқып жатыр. Сонымен қатар, Алматы тарихи жағынан еліміздің интеллектуалдық орталығы болып табылады. Осында 68 ғылыми-зерттеу институттары мен еліміздің 41% пайыз ғалымдары орналасқан.

Исекешев атап өткендей, осы жерде 20-дан астам трансұлттық компаниялардың өкілдіктері, он шақты қаржы мекемелері мен инвестициялық қорлар орналасқан. Алматыны аймақтық қаржы орталығына айналдыру арқылы жаһандық-бағытталған нетворкингтің рөлі мен мүмкіндіктері барынша өсетін болады.




Яндекс.Метрика