Халықаралық интеграция

Астана қаласында әскери саладағы сенімділікті нығайту бойынша семинар басталды (Фото)

Астананың Ұлттық қорғаныс университетінде Қытай Халық Республикасымен арадағы әскери саладағы сенімділікті нығайту жөніндегі келісімді іске асыру бойынша тәжірибе алмасу және шекара аумағындағы қарулы күштерді қысқартуға бағытталған семинар жұмысы басталды.
Астана қаласы 20 Наурыз, 10:33

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 1996-1997 жылдардағы қол қойылған келісімдер Қытай Халық Республикасының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикалары, Ресей Федерациясы арасындағы тату көршілік, өзара сенімділік және ынтымақтастық қатыснастарының одан әрі нәтижелі дамуына түрткі болды.

 Келісім-шарттар аталған мемлекеттер бірлестігі мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сенімділік шараларын нығайту және өзара қарым-қатынастардың әскери құрылымын қысқарту жолына жасаған алғашқы нақты қадамдар болды. Аталған келісімдер 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына негіз болды. Семинар жұмыстарына Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан делегациялары қатыспақ.

 Онда мамандар Келісімдерді іске асыруда тәжірибемен бөлісу аясында пікір алмасып, инспекциялық және ескерту іс-қимылын өткізу бойынша практикалық мәселелерді талқылайды. Шараның ашылуында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Талғат Мұхтаров,  АІӘСК хатшысының атқарушы директоры, елші Гун Цзяньвэй,  ШЫҰ хатшысы маңындағы ҚР тұрақты өкілі Е.Ш. Әшімов қатысты.
 

 





Яндекс.Метрика