Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

«Ақмола облысында «Ата заң - алтын діңгек» атты конференция өтті

Ақмола облысының Целиноград ауданында Конституцияның 20 жылдығына арналған «Ата заң-алтын діңгек» атты облыстық, аймақтық конференция өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола20 Наурыз , 10:17

Конференция жұмысына әдіскерлер, Астрахань, Аршалы,  Шортанды, Егіндікөл, Қорғалжың, Зеренді, Ақкөл, Целиноград аудандарының мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

«Конституция еліміздің әрбір азаматының кепілдігі мен қолдаушысы. Конференция барысында ата-аналар мен балалар арасында пікірсайыс ұйымдастырылып, олардың әрқайсыларына олардың құқықтары мен міндеттерін жан-жақты түсіндірдік»,-дейді Ақмола облысының білім басқармасының өкілі Құралай Жұмабекова.

Конференция барысында «Конституция ел тірегі», «Конституция менің ұлылығым», «Конституция болашақтың кепілі», «Тәуелсіздік мінберлері»,  «Өз құқығыңды білесің бе ?» атты  тақырыптарда баяндамалар тыңдалды. Осы баяндамаларды талқылау кезінде жиынға қатысушылар балалардың құқықтарына қатысты да пікір алмастырды. Жиының соңында облыстық білім басқармасының өкілдері конференцияға қатысушыларға сертификаттар табыс етті.

 

 

 




Яндекс.Метрика