Мәдениетті жаңғырту

Қазақстанда ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Анаға жол» атты көркем фильмінің түсірілімі басталды

Алматыда ҚР Президенті жанындағы ОКҚ филиалында «Анаға жол» атауы қойылатын көркем фильм түсірілуінің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Алматы қаласы19 Наурыз , 20:25

Фильмді «Қазақфильм» мен  «Новый Мир Продакшн» компаниясы түсіреді. Кинокартина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілмек, бас продюсер Алия Назарбаева.

Шараға ҚР мәдениет және спорт  вице-министрі Ғалым Ахмедияров, Ш.Айманов атындағы «Қазақфилм» АҚ бас редакторы – вице-президенті Д.Амантай, «Новый мир» Продакшн» бас директоры Светлана Коротенко, режиссер Ақан Сатаев қатысты.

Фильмнің түсірілімі ақпан айында басталды. Картина Жеңістің 70 жылдығына арналған.

«Біздің команда үшін бұл жобаны түсіру үлкен мәртебе. Идея былай туындады: менің ата-анам актер болыпп гастрольдерде жүрді. 80 жылдарда ауылда бір әйел күн кешті. Ол күнде далаға шығып, үйдің жанындағы ағаш түбінде өз баласын күтті», - деді режиссер Ақан Сатаев.

Фильм сюжеті Қазақстан тарихының бірнеше күрделі кезеңдерінен тұрады. Ол Жұт және ҰОС кезеңі мен соғыстан кейінгі кезең.

«Бұл кино ана жүрегі туралы, туған жерге деген сағыныш пен махаббатың көрінісі. Біз Ақан Сатаевтың сәтті жұмысына сенеміз, ол қоюшы-режиссер ретінде қызмет етеді. Бұл соғысқа арналған аз картиналардың бірі. Бұл фильм жастарға тәрбиелік мәні зор картина болады деп үміттенеміз», - деді Д.Амантай.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика