Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда соңғы 5 жылда қазақстандық қамту үлесі 48%-дан 63%-ға дейін артты

Қазақстанда соңғы 5 жылда қазақстандық қамту үлесі 48%-дан 63%-ға дейін артты. Бұл туралы «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту агенттігі»АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Уахитова хабарлады.
Астана қаласы19 Наурыз , 20:17

«Бүгінде жергілікті қамту үлесін арттыру бағдарламасының алғашқы 5 жылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар мен жүйені қалыптастыратын кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесінің өсу динамикасы байқалады. Сонымен, соңғы 5 жылда қазақстандық қамту үлесі 48%-дан 63%-ға дейін артты, яғни оның өсімі 15% құрады», - деп мәлімдеді Г. Уахитова.

Осы ретте, Гүлмира Уахитова атап өткендей, интеграциялық процестер мен әлемдегі ахуалды ескеретін болсақ Қазақстан алдында үлкен міндеттер тұр. Олар 2019 жылға дейін есептелініп жасалған ИИДМБ көрініс тапқан, дәлірек айтсақ сатып алу тәртібін жетілдіру және жергілікті қамтуды дамыту.

Сонымен, оның айтуынша, 2014 жылдың нәтижесіне сәйкес тау су кешенінің жер қойнауын пайдаланушылары  жалпы сомасы 382 млрд теңгенің тауарын сатып алды, оның ішінде тауарлық биржалар арқылы сатып алынғандар да бар. «Бұл сома 104 млрд теңгені құрады, яғни жалпы сатып алулар сомасының 27%-ы», - деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 ақпанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды және осы мақсатта «Қазақстанда жасалынған» акциясын іске қосу қажеттілігін ескерті.

«Бүгінде еліміздің барлық дүкендерінің сөрелерінде отандық тауар өндірушілердің өнімі қойылған секциялар жасақталған», - деп атап өтті «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту агенттігі»АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика