Ақылды экономиканы дамыту

«Қазақмыс» корпорациясындағы қазақстандық қамтамасыз ету үлесі 70%-ға дейін жетті

«Қазақмыс» ЖШС-дағы қазақстандық қамтамасыз етудің үлесі 2014 жылы 68,91% немесе сатып алу сомасымен 167,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлады «Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС қазақстандық қамтамасыз етуді дамыту басқармасының бастығы Ринат Берікболов дөңгелек үстел барысында.
Астана қаласы21 Наурыз , 19:39

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша корпорацияның жер қойнауын пайдалану және жүйені қалыптастыратын кәсіпорындар бойынша сатып алулары 243,5 млрд теңгеден асып жығылды. Жалпы қазақстандық қамтамасыз ету үлесі 68,91% немесе сатып алулар сомасы бойынша 167,8 млрд теңгені құрады», - деп мәлімдеді Берікболов.

Осы ретте ол атап өткендей, корпорация соңғы 4 жылда қазақстандық қамтамасыз ету үлесін 57%-дан 69%-ға дейін көтере алды. «Тауарлар бойынша үлесті 28,3%-ға дейін көтере алдық  және қызметтер бойынша соңғы  4 жылда  оның үлесі 90%-дан асты», - деп толықтырды ол.

Бұдан басқа, Берікболов мәлімдегендей, «Қазақмыс» соңғы 4 жылда аймақтық кәсіпорындардағы сатып алуларды 4,4 млрд-тан  10,4 млрд теңгеге дейін көтерді. «Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 18,8 млрд теңгеге қатысушылармен 1700-ден астам келісім жасалды, ал нақты сатып алу сомасы 10,4 млрд теңгені құрады», - деді «Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС қазақстандық қамтамасыз етуді дамыту басқармасының бастығы.

Оның үстіне, корпорация жыл сайын отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында «Қазақстандық өнім шығарамыз» атты форум өткізеді. Ағымдағы жылы VI форум Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 15 сәуірде өтеді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика