EXPO-2017

ХКБ басшысы қазақстандық компанияларға сапа мен тартымдылық арасында теңдікті ұстауға кеңес берді

Қазақстандық компанияларға сапа мен тартымдылық арасында теңдікті ұстаға жөн. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес мәлім етті.
Астана қаласы19 Наурыз , 18:29

Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес кезекті ресми сапарында ЭКСПО қалашығындағы құрылыс  барысымен танысты.

«Менің кеңесім, компаниялар дизайн бойынша өз таныстырылымын өткізгеннен кейін, негізгі екі элемент бойынша қатаң бақылауды сақтап қалу керек. ЭКСПО көрмесінің тақырыбы өте қызықты, бір жағынан ол ойын-сауық бағытында да болу керек. Кейде олар өзара үлес таппайды. Сондықтанда сапа мен тартымдылық арасында теңдікті ұстап қалу»,- деп ескертті ХКБ басшысы.

Бұдан басқа, ХКБ бас хатшысы Ұлттық павильондағы қазақи бояуды одан ары арттыруға кеңес берді. Сонымен қатар, теориялық материалдардан гөрі, өнертапқыштардың туындыларына көбірек көңіл бөлген жөн. «Кейде кішігірім тәжірибелер мен өнертапқыштың туындылары маңыздырақ және одан ары дамытуда үлкен роль атқаруы мүмкін», - деді ол.

Бұдан басқа, Висенте Лоссерталеске алғаш рет See Agreement құжаты және халықаралық қатысушыларды тарту жоспары таныстырылды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика