Үкімет

Б.Сапарбаев: Қазақстанда тұрғындардың экономикалық белсенділігі мен олардың жұмыспен қамтылу деңгейі тұрақты өсіп келеді

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысында болды.
Атырау19 Наурыз , 18:07

Жұмыс бағдарламасының алғашқы бағыты мұнай-газ саласы бойынша 600 студент білім алып жатқан аймақаралық кәсіби даярлық, қайта даярлау мен мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыру орталығы болды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Онда Үкімет басшысының орынбасары әлеуметтік сала мекемелерінің басшыларымен мәжіліс өткізді. Мәжілісте Үкіметтің кеңейтілген отырысы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Мемлекет басшысы алдыға қойған міндеттердің орындалу барысы талқыланды.

Мәжілісті қорытқан вице-премьер «Елбасының сарабдал саясатының арқасында қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы қалыптасты, тұрғындардың экономикалық белсенділігі артып жұмыспен қамту шаралары тұрақты жетіліп келеді»,-деді.

Бұған қоса ұлттық еңбек нарығының дамуына кедергі келтіруі мүмкін обьективті тәуекел факторлары бар екендігі айтылды. «Бұл проблемалар ішкі процестермен емес әлемдік экономикадағы шиеленістермен байланысты. Осыған қарай жұмыспен қамту саласында орын алуы ықтимал жағдайлардың алдын алу мақсатында елдегі тәуекелдер тобында тұрған кәсіпорындарға мониторинг жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық аймақтарында халықты жұмыспен қамтуды қолдайтын кешенді жоспарлар құрылған»,-деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар ол мемлекеттік орган өкілдеріне бизнесмендермен белсенді қызмет етіп, жұмысшылардың жұмыссыз қалуының және еңбек қайшылықтары жөнінде алдын ала ескерту мақсатында кәсіподақтармен қызметті жандандыруды тапсырды.

Сапар барысында Премьер-Министрдің орынбасары әлеуметтік сала нысандарын аралады. Б.Сапарбаев Н.Назарбаев химия-биология бағытындағы зияткерлік мектебінде болды. Сондай-ақ «Мирас» балабақшасының және облыстық балалар ауруханасының жұмысымен танысты.   

 




Яндекс.Метрика