EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында елге келетін туристердің басым бөлігін қытайлықтар құрайтын болады

ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында елге келетін туристердің басым бөлігін қытайлықтар құрайды, деді бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы19 Наурыз , 17:34

«Көрме аясында елімізге келетін қонақтар белгілі болған соң, туристердің жүру бағыттары да жасалады. Бірінші бағыт, «Бурабай-Астана» болады ғой деген ойдамын. Біз онда арнайы автобустар қоямыз. Екінші бағытқа қытайлықтарды дайындаймыз. Көрмеге келетін қонақтардың басым көпшілігін қытайлықтар құрайды. Біз қытайлық туризм операторларымен сөйлестік, бізде олардан туристерді тартуға мүмкіндік мол»,-деді Т.Ермегияев.

Ал тағы бір бағыт Еуропалықтарға дайындалып жатыр. 

«Нақты жұмыстар әлі туристік операторлармен жетілдірілетін болады. Бізде қазір проблема тудырып отырған бір ғана мәселе бар. Ол – елдегі бағамен байланысты. Қазақстандағы кейбір бағалар қазіргі таңда Еуропаның өзінен қымбат. Олар мейманханалар мен мейрамханаларға қатысты. Біз шетелдіктер үшін қызмет түрлерін өзіміз ұсынуымыз керек.  Бұл бағытта  жұмыс істеп жатырмыз. Жылдың соңында нақты бағыттар белгілі болып, тасымал мәселесі шешіледі деген ойдамын. Ал туристер үшін қажетті қызметтер осы уақытта дайын деуге болады», - деді ұлттық компания басшысы.  

Камила Амирова




Яндекс.Метрика