EXPO-2017

ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына 15 мың адамға дейін тартылады – Ермегияев

ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына 15 мың адамға дейін тартылады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлiмдеді.
Астана қаласы19 Наурыз , 17:14

«Бүгiнгi күнi «ЭКСПО-2017» көрмесiнiң құрылыс алаңында 3500 адам жұмыс iстеп жатыр. Бұл сан биылғы жылы 10 мыңға жеткiзiледi, 15 мыңға жеткiзу мүмкiндiгi де бар», - дедi Т.Ермегияев. 

«Жұмысшылардың негiзгi бөлiгi – жергiлiктi халық, сондай-ақ, шетелдiк мамандар тартылады. Кейбiр жұмыстарға бас мердiгерлер шетелден мамандарды шақырады. Бiздегi мәлiмет бойынша, бас мердiгерлер жалдаған жұмысшылардың 60-70 пайыздан астамын елiмiздiң азаматтары құрайды», - деп толықтырды ол.

Ұлттық компания басшысы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында Қазақстанда 20 мың жұмыс орны ашылады. Нысандардың құрылысы 2016 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Камила Амирова

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика