Өңірлер

Павлодар облысының 75 тауар өндірушісі «Қазақстанда жасалған» форумына қатысуда

Бүгін Павлодарда жергілікті қамту мәселесіне арналған «Қазақстанда жасалған» аймақтық форумы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Павлодар20 Наурыз , 10:01

«Энергетик» теннис орталығына еліміздің 16 ірі компаниясы қатысты. Орталықтың холлындағы көрмеге Павлодар облысының 75 тауарөндірушісі өнімдерін қойды. Олардың арасында «KSP Steel» ЖШС, «Каустик» АҚ сияқты ірі кәсіпорындар бар. Сонымен қатар павлодарлық жиһаз фирмалары, консервіленген ет, сүт өндіретін, жарықдиодды шамдары, қапшық және қаптама өнімдерін шығаратын шағын кәсіпорындар да өз өнімдерін ұсынды.

 «Қазақстанда жасалған» форумында жергілікті кәсіпорындардың мүмкіндіктерін көрсеткіміз келеді. Олардың барлығы еуразиялық интеграция жағдайында тынымсыз еңбек етуге әзір. Қазіргі таңда Ертістің Павлодар өңірі Ресей еліне тауар экспорттау бойынша көш басында екені белгілі. Көрші мемлекеті валютасы бағамының төмендеуі жергілікті кәсіпорындарға әсерін тигізді. Күрделі экономикалық жағдайға қарамастан павлодарлық компаниялар Еуразиялық экономикалық Одақ аясында бәсекеге қабілетті болатынына сенім мол, - дейді аймақ басшысы Қанат Бозымбаев.

Форумға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов қатысты. 

Төраға қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасы аясында шаралар өткен жылы аяқталғанын айтты. Дегенмен отандық кәсіпорындарды қолдау шаралары жалғасын табуда. Ал жергілікті қамтуды дамыту әлемдік дағдарыс кезінде еліміздегі бизнес қауымдастықтың алдындағы маңызды міндет болып табылады. Аманияз Ержанов өз сөзінде аталмыш шара павлодарлық кәсіпорындарға «Қазақстан темір жолы ҰҚ», «Самұрық Қазына ҰҚ» АҚ сияқты ірі серіктес компанияларды табуға септігін тигізетінін айтып кетті.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика