Ұлтаралық бірлік

Әр қазақстандыққа жердiң Солтүстiк Полюсiне алғашқы қазақстандық шаңғы экспедициясын онлайн режимде тамашалауға мүмкіндік беріледі (ФОТО)

Әр қазақстандыққа жердiң Солтүстiк Полюсiне алғашқы қазақстандық шаңғы экспедициясын онлайн режимде тамашалауға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы бүгін «Қазақ географиялық қоғам» ҚБ Президиумының төрағасы, экспедиция жетекшісі Нұрлан Абдуов хабарлады.
Астана қаласы 19 Наурыз, 16:54

«Қазақстандық экспедиция құрамында 8 адам болады. Олардың әрқайсысының өзінің атқаратын міндеті болады. Сонымен қатар, Voxpopuli.kz фоторепортаждар сайты экспедиция барысы туралы жан-жақты ақпарат таратып тұрады», - деп жалғастырды Н. Абдуов.

Бұдан басқа, экспедиция жетекшісі атап өткендей, барлық операциялар барасында фотоматериалдарды жіберу үшін жерсерігі жүйесі пайдаланылатын болады. «Біздің жоспарланған медиалық жұмысымыз өте қызықты болмақшы. Оның аясында әр қазақстандық Арктикада өтіп жатқан экспедицияны өз көзмен көре алады», - деп толықтырды Абдуов.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың сәуiрiнде ҚР Мемлекеттiк Туы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылының байрағын тігу мақсатында Қазақ географиялық қоғамы Жердiң Солтүстiк Полюсiне алғашқы қазақстандық шаңғы экспедициясын бастамақ. Топ 31 наурызға дейiн қызу дайындық жасап, Алматыдан Мәскеуге, Мәскеуден - Норвегияның Осло қаласына, одан әрi Лонгийрге аттанады. 3 сәуiрге дейiн саяхаттаушылар экспедицияның дайындығын сынап, базалық лагерде жаттығып, шатыр құрып, жабдық саймандарды тексередi. Ал, 4 сәуiрде Лонгийрден Барнео мұзды аэродромына ұшып барып, сол жерден Солтүстiк Полюске дейiнгi шаңғы экспедициясын бастайды.

Айта кетерлік айт, Барнеодан Полюске дейiн арақашықтық шамамен 200 шақырымды құрайды. Сапар 7-12 күнге дейiн созылады деп межеленуде. Жол барысында экспедиция қатысушылары мұздың жарылған жерлерiмен, мұз шоғырларынан, ал мұздақтардың арасымен өткенде арнайы киiммен жне экспедициялық поляр шаналарымен жүзiп өтпек. Саяхаттың фотохроникасын ресми ақпараттық серіктес  Voxpopuli.kz фоторепортаждар сайты жүргізеді.

«Біз экспедициямыз жемісті болатынына сенімдеміз, экспедицияда соңғы заманауи технология пайдаланылатын болады», - деп толықтырды экспедиция жетекшісі.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика