Мәдениетті жаңғырту

Ақтөбеліктер 3D технологиясының көмегімен киіз үй жасады

«Каспий плюс» ЖШС киіз үйдің ерекше түрін дайындады. Ол инновациялық технологиялар бойынша орындалды. Наурыз мейрамы қарсаңында ұжым 3D-станоктарының мүмкіндіктерін көрсетті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе19 Наурыз , 20:03

«Кәсіпорын бекітуші материалдарды шығарумен және металл өңдеумен айналысады. Өткен жылы кәсіпорынды «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне шақырғанда ЖШС директоры Жандос Пангереев өз өнімдерін емес, сол өнімдерден жасалған киіз үйді қоюды жөн санаған. 3D-станогы үшін тапсырысты техникалық директор Ольга Генрих дайындаған, жұмысты компанияның мамандары жасады», - делінген хабарламада.

Техникалық директор айтқандай, инновациялық киіз үйді жасау кезінде жеңілдетілген бекіткіш, дистанциялық шайбалар, штангтер пайдаланылған.

«Киіз үйдің есіктері 3D-станокта жасалды. Киіз үйді біздің ата-бабаларымыз ойлап тапқан. Оның шаңырағы елімізде тұратын барлық халықтардың бейбітшілікте және өзара келісімде өмір сүруінің символы болып табылады», - дейді ЖШС директоры.

50 тоннаға дейінгі салмақты көтере алатын бұл құрылым тез жиналып, тез құрылады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика