Ұлтаралық бірлік

Ақмола облысында «Ассамблея - бірлікке бастар жол» мега-жобасы жүзеге асырылуда (ФОТО)

Ақмола облысында ҚХА жылы аясында мемлекеттік органдар арасында мега-жобаның эстафетасы жалғасуда, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 20 Наурыз, 09:42

Еңбек инспекциясы бойынша обыстық басқармалар, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті, Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың 15-тен астам өкілі Ақмола облысы Ішкі істер департаментіне «Достық кітабын» тапсырды.

«Біз осындай бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымызға қуанамыз, қазақстандық бейбітшілік пен келісім саясатының арқасында еңбек етудеміз», - деп атап өтті «Ақмола облысы поляктар бірлестігі»ҚБ төрағасы  Александр Суховецкий.

Аталып өткендей, шара барасында басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сонымен қатар, Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың ұлттық тағамдарының көрмесі өткізілді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика