Ұлтаралық бірлік

Қазақ географиялық қоғамы ҚР Мемлекеттік туы мен ҚХА жылы байрағын Солтүстік Полюске орнатады

Қазақ географиялық қоғамы ҚР Мемлекеттік туы мен ҚХА жылы байрағын Солтүстік Полюске орнатпақ. Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының төрағасы Ералы Тоғжанов хабарлады.
Астана қаласы19 Наурыз , 15:59

«Ассамблея жылы  ол бейбітшілік пен келісім жылы, бұл қазақстандық үлгі БҰҰ-да 56 еуропалық елдердің қатысуымен таныстырылған болатын. Соңғы жылдары бізге тәжірибе алмасу мақсатында 21 мемлекеттің өкілі келді. Қазақстанның айтары бар. Экспедицияның негізгі мақсаты шетелде Қазақстандық келісім үлгісін дәріптеу», - деп мәлімдеді Е. Тоғжанов.

ҚХА хатшылығының төрағасы  атап өткендей, қазақстандық экспедиция құрамында 8 адам болады, олар өздерімен 3 туды апармақшы.

Сонымен,  топ 31 наурызға дейiн қызу дайындық жасап, Алматыдан Мәскеуге, Мәскеуден - Норвегияның Осло қаласына, одан әрi Лонгийрге аттанады. 3 сәуiрге дейiн саяхаттаушылар экспедицияның дайындығын сынап, базалық лагерде жаттығып, шатыр құрып, жабдық саймандарды тексередi. Ал, 4 сәуiрде Лонгийрден Барнео мұзды аэродромына ұшып барып, сол жерден Солтүстiк Полюске дейiнгi шаңғы экспедициясын бастайды.

Жалпы, Барнеодан Полюске дейiн арақашықтық шамамен 200 шақырымды құрайды. Сапар 7-12 күнге дейiн созылады деп межеленуде.

Айта кетерлік жайт, экспедиция  БҰҰ-ның Кауіпсіздік кеңесінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына, Қазақстан хандығынығ 550 жылдығына, ҚР Конституцияның 20-жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына орай ұйымдастырылды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика