Мәдениетті жаңғырту

Ақтөбеде «Қош келдің, Наурыз!» оқушылар жұмыстарының көрмесі ашылды

Көркемсурет лицейінде Наурыз мейрамына мерекелік шаралар жоспарына сәйкес дәстүр бойынша оқушылар жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе19 Наурыз , 18:58

«Қош келдің, Наурыз!» тақырыбына арналған көрмеге әдістемелік және көрмелік қорға алынған жұмыстардың ең үздіктері қойылды. Негізінен лицейдің қазақ бөлімінің 2-ші және 3-ші сынып оқушыларының жұмыстары.

Мәселен,  қатысушылардың бірі  Назарғалиева Шынардың жүн басу тәсілімен орындаған «Көктемгі таң» атты жұмысы күн мен түн теңесіп, Жаңа күн жарқырап, әлемді өзінің қызуымен жаңартуға атып келе жатқан күнді өте әсерлі жеткізген. Табиғат сол жылы күнге ұмтылып, құшағын жайып тұрғандай.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика