Мәдениетті жаңғырту

Ақтөбеде Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурызым- нұрлы жыр» атты айтыс өтті

Облыстық халық шығармашылығы үйі облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен 2015 жылдың 18 наурызы күні Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арнап «Наурызым - нұрлы жыр» атты жастар арасында айтыс өткізді.
Ақтөбе19 Наурыз , 18:39

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, айтыстың басты мақсаты – ұлттық үдірісімізді жандандыру жас айтыскерлер мектебінің жұмысын жетілдіру, Наурыз меркесінің маңызы мен халық өнерін дәріптей отырып, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу, өнерге баулу.

Ақындар өздерінің суырып салма ерекшеліктерімен, сөз саптауларымен, мәдени мұрамызды бағалайтындарын көрсете білді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Айтыс байқауы көрермен жастарға сөз мәйегінің рухани ләззатын сыйлады.

 




Яндекс.Метрика