Евразиялық одақ

ЕАЭО-ның ТМД мемлекеттерімен сауда-саттық кедергілерін жою келісімі ратификацияланды

Еуразиялық экономикалық одақтың ТМД көлеміндегі, алайда кеңеске мүше емес мемлекеттермен сауда-саттықтағы техникалық кедергілерді жою келісімінің күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттер ішінде атқарылуы тиіс процедуралар аяқталды. Келісім күніше енді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері.
Әлемде19 Наурыз , 17:51

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер тарапынан келісімнің ратификациялануы, ТМД көлеміндегі елдермен сауда-саттықта кедергі келтіретін мәселелерді жоюға деген ұмтылысын көрсетеді»,-деді Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі алқасының мүшесі Валерий Корешков.

Келісім талаптары бойынша, мемлекеттердің өзара сауда-саттықтарына кедергі келтіретін жәйттерді жою ТМД-ға мүше елдердің ортақ қызығушылық танытқан жағдайда қабылданған келісім шегінде  техникалық регламенттерді қалыптастыруды талап етуге мүмкіндік береді.  

Бұл ретте одақтың техникалық регламенттерін қолдануды баламалы және баламалы емес түрде жүзеге асыруға болады. «Бұл келісімнің іске қосылуы ТМД-ға мүше елдердің Еуразиялық экономикалық одағының техникалық реттеу жүйесіне қосылып, мемлекеттер арасында сауда-саттықты дамытуға қолайлы жағдайлар тудырады»,-делінген хабарламада.   

Бұған қоса, келісімді қолдану тәжірибесі одақ елдерінің үшінші мемлекеттермен де сауда-саттық кезінде техникалық кедергілерді жою ісіне көмегін тигізетін болады.   

 




Яндекс.Метрика