Өңірлер

«Востокцветмет» кәсіпорны жергілікті өнім өндірушілермен 43 миллион теңгелік Меморандумға қол қойды

«Шығыс Қазақстан» облысында «Қазақстанда жасалған» диалог алаңының аясында «Востокцветмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жергілікті тауар өндірушілермен бірге жалпы құны 43 миллион теңге болатын Меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.
Шығыс Қазақстан20 Наурыз , 08:36

Аймақтың ақпарат орталығының хабарлауынша, «Востокцветмет» «ПКФ Рауан», «Георгиевск насос құрылғыларының зауыты», «Турбомаш» өндірістік фирмасы сияқты ЖШС-мен 43 миллион теңгеге келісім жасады. Сондай-ақ, кәсіпорын «Орика-Казахстан» АҚ-ы, «Рудалық емес материалдар комбинаты» ЖШС-і, «Электромеханикалық жөндеу зауыты» ЖШС-і, «Металон-К» ЖШС-і, «СКРП Полиус» ЖШС-і сияқты компаниялармен құрылғылар мен тауарлар тасымалдау жөніндегі құны 279 миллион тұратын келісім жасады.  

«Мұндай Меморандумдар жөнінде келісім жасау отандық бизнесті қолдау мақсатынан туындап отыр. Отандық тауарлардың сапасы, олардың бөлшектері мен өзге де материалдар және көрсетілетін қызмет түрлері көңілден шығады. Біз алдағы уақытта да осы бағытта жұмыстар атқаратын боламыз деген ойдамын», -деді «Востокцветмет» ЖШС-нің Басқарма төрайымы Ильсур Даутов.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика