Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Астанада ауысымына 150 адамды қабылдайтын «Достық» отбасылық денсаулық орталығы ашылды

«Достық» отбасылық денсаулық орталығы 2011-2015 жылдары Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған.
Астана қаласы19 Наурыз , 19:48

Қала әкімдігінің хабарлауынша, ол заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және ауысымына 150 адамға есептелген. Сондай-ақ, халыққа жедел медициналық жәрдемді уақытылы көрсету мақсатында орталықта жедел жәрдем подстанциясы ашылады.

«Жаңа орталықтың ашылуы № 7 қалалық емхананың жүктемесін азайтады және шойын құю зауытының ауданындағы халықты және «Өндіріс» тұрғын алабына шекаралас участкелерінің тұрғындарын қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні қызмет көрсететін халықтың саны 14909 адамды құрайды», - делінген хабарламада.

Орталықта элюрографиялық жабдық, пациенттерді ультрадыбысты зерттеуге арналған стационарлық түрлі түсті сандық  аппарат, зертханалық және физиотерапиялық аппарат қондырылған.

Мұнда жалпы практика дәрігерлері ұйымдастырылған. Түргі зертханалық зерттеулер жасалуды, емшара мен екпе салу кабинеттері, күндізгі стационар жұмыс істейді.

Осындай орталықтың ашылуы амбулаториялық қызметте тапшылықты жоюға, медициналық қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа мүмкіндіктер қызметкерлердің тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде алдын алу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 




Яндекс.Метрика