Адамзаттық капитал

Талдықорғанда 52 соғыс ардагеріне пәтер берілді – әкімдік (Фото)

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы қарсаңында Талдықорған қаласында тұратын ерлігімен еліне шексіз бақыт сыйлаған соғыс және тыл ардагерлеріне 52 пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы 19 Наурыз, 14:53

«Бүгінгі күні Алматы облысында тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының 355 ардагерлеріне жан-жақты қолдау жұмыстары көрсетілуде. Наурыз мерекесіне орай, бүгін Сіздерге облыс орталығы Талдықорған қаласынан 52 пәтердің кілтін тапсырғалы отырмыз. Осындай баспанамен облысымыздың барлық аудандары мен қалаларындағы соғыс ардагерлері де қамтылатын болады. Біз сіздерді әрқашан мақтан тұтамыз, құрметтейміз. Сіздер тарихтың алтын қазынасысыздар. Наурыз мерекесі қарсаңында барлықтарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, ал отбасыларыңыз бен туған-туыстарыңызға амандық пен игілік тілеймін. Жаңа баспаналарыңыз жайлы болып, шаңырақтарыңыз шатыққа толсын құрметті ардагерлер, - деп қорытындылады өз сөзін облыс әкімі Амандық Баталов.

Мерекелік құттықтаудан соң Амандық Баталов ардагерлердің барлығына жеке-жеке пәтердің кілтін табыстады.

« Елбасы тапсырмасына сәйкес бізге деген құрмет пен жақсылықтарың үшін мен шын жүрегімнен осында отырған барлық ардагерлердің атынан рахмет айтамын. Бүгінгі ұрпақ бақытты кезеңде өмір сүріп жатыр. Осы бейбіт кезең әрдайым ұзағынан болсын», - деді Ұлы Отан соғысының ардагері Қанай Сүлейменов.


 





Яндекс.Метрика