Өңірлер

Ақмола облысында дайындалатын өнім өңірдің экономикасына барынша үлесін қосуы керек – Кулагин (Фото)

«Элеватор-мельмонтаж» өндірістік-коммерциялық фирмасында облыс әкімі Сергей Кулагин отандық өнім өндірушілерді қолдауды қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Ақмола 19 Наурыз, 16:17

Облыс әкімдігі хабарлағандай, бұл жердетемір-бетон құрылымы: сақина, блок, түрлі металл құрылымдарын шығаратын, сондай-ақ 500 млн.теңгеден 1 млдр.теңгеге және жылына одан да жоғары көлемімен құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқаратын өндірістік-коммерциялық фирмада болған кезінде айтты.

Жұмысшылар саны – 183 адам және ағымдағы жылғы 1 наурызға кәсіпорын 93 млн.теңге сомасына тауар өнімін шығарды. Облыс әкімі Сергей Кулагин мемлекеттік мекемелердің басшыларына отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мәселесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Ол өңір аумағында шығарылатын өнім, ең алдымен өңір экономикасына айтарлықтай пайда келтіре отырып, жергілікті кәсіпорындардың қажеттілігіне бағытталуына басты назар аударды.      

«Бисквит-Мастер» аспаздық-кондитер үйінде облыс басшысы нан өнімдерін, тәтті, аспаздық өнімдерді сату бойынша дүкеннің, тез тамақтану мейрамханасы мен кофейняның жұмысын бағалады. Кофейняда сусындардың элиталы түрлері шетелден тікелей жеткізіледі, ал персонал шет тілін меңгерген. Аспаздық цех өндірісінің көлемі – тәулігіне 1 млрд. 530 млн.теңге сомасына шамамен 1300 кг. Бұл жерде өңір басшысы өңір кәсіпорнына қолдау көрсету және облыстың әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. 

«Два Кита» ЖШС ағаш өңдеу кәсіпорнында болған кезінде облыс әкімі қаңқалы жиһаз өндірісінің механизмімен танысты. Жиһаз цехы шағын фабрикадан бастап 10 жыл ішінде жылдық өндірістік қуаттылығын9600 м3 дейін жеткізді, осы саладағы ірі кәсіпорындардың біріне айналды. Бұл жерде жатын бөлмеге, ас бөлмеге, кіреберіс бөлмелеріне арналған жиһаз, үстел, кеңсе жиһазын жасап шығарады. Өңір басшысы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорнының жұмысына оң баға берді, кәсіпорынды одан әрі дамытуға және өндіріс көлемін арттыруға тілек білдірді, сондай-ақ дайын өнімді жергілікті мекемелерге, атап айтқанда облыс орталығындағы әлеуметтік объектілерге өткізу қажеттілігін атап өтті. 

Облыс әкімі Көкшетау қаласындағы №2 орта мектепке 500 орынды жапсаржай құрылысының алаңында да болды. Құрылыс алаңында өңір басшысы объектінің уақытында пайдалануға берілуіне басты назар аударды. Білім беру мекемесі облыс орталығында мектептегі орын тапшылығын 1000 бірлікке дейін қысқартады. Объект қазіргі уақытта аяқталу сатысында.    





Дерекнама

Яндекс.Метрика