«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Көкшетау тұрғындары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша пәтер алды (Фото)

Бүгін Ақмола облысының әкімі С.В.Кулагин, «ҚИК» ИҰ» АҚ басқарушы директоры А.Акчуриннің қатысуыменәлеуметтік тұрғын үйді арендаға алу бағдарламасы аясында салынған «Жансая» ТҮ жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстады.
Астана қаласы 19 Наурыз, 19:01

Ақмола облысының әкімдігі хабарлағандай,  Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына көзқарасты күшейтіп оны қайта қарау,  тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, төменгі пайыздық мөлшерлемемен ұзақ мерзімді жалға беру қолжетімдігін  қамтамасыз ету туралы тапсырма берген болатын.

Осыған сәйкес Үкімет 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту Бағдарламасын ойластырып, бекітіп,онда тұрғын үй нарығындағы ең қолжетімді және перспективалы құрал ретінде жалға берілетін тұрғын үйге ерекше көңіл бөлген. Бағдарламада тұрғын үй саясатының бірнеше бағыттары  қарастырылған – «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ Тұрғын Үйі» осы бағыттардың бірі.

«2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы тек Көкшетау қаласында ғана «Жансая» тұрғын жай кешенінде 337 пәтер бөлініп, бүгін оның кілттері иелеріне табысталды.

 Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте 15 мың 579 –дан астам адам тұр, оның ішіндегі Көкшетау қаласы тұрғындарының саны - 6 мың 518 адам.

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауында айтылған тұрғын үй құрылысының бағдарламасы дер кезінде қабылданғанын айғақтайды.  





Яндекс.Метрика