Адами капитал

Қазақстанның әскери қызметшілері наруыз мейрамын тойлауға дайындалуда (Фото)

Наурыз мейрамы – Шығыста жылдың басы болып саналатын ұлы мереке. Ұлыстың ұлы күні әрқашан айрықша тойланады. Қазақстан халқы үшін Наурыз – достық, ынтымақтастық, бейбітшілік пен татулықтың нышана айналған ұлық мереке.
Казахстан 20 Наурыз, 09:11

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері көктемнің басты шырайлы мерекесін өткізуге дайындалуда. Барлық әскери бөлімдерде дәстүрлі түрде мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады, салтанатты жасаумен киіз үйлер тұрғызылып, мол дастарқан жайылып, түрлі спорттық жарыстар мен ұлттық салт-дәстүр тақырыбында сайыстар өткізіледі.

 «Оңтүстік» ӨңҚ әскери қызметшілері Наурыз мейрамына алғашқылардың қатарында дайындық жұмыстарына кірісті. Олар жергілікті тұрғындармен бірлесіп алтыбақан, сәнді ақ киіз үйлерімен қазақтың нағыз ұлттық ауылын тұрғызды. Офицерлер мен сарбаздар қыз қуу, теңге алу, арқан тарту сияқты ұлттық ойындарға қатысса, апа-әжелеріміз ұлтымыздың дәстүрлі Наурыз көжесін әзірледі.

 Көктем мерекесіне Қазақстандағы жалғыз тау-қорығы ротасының әскери қызметшілері қатысты. Олар әскери техника өте алмайтын шиеленісті таулы жерлерде жеке құрамды тасымалдауға арналған аттардың үстінде шабандоздық пен айла-шарғылы элементтерін көрсетті. 


 





Яндекс.Метрика