Ұлтаралық бірлік

А. Мурадов: Наурыз – кешірім, қуаныш пен өзара түсіністіктің мерекесі

Наурыз – адамзаттың бір-біріне деген кешірімділігінің, жақындарыңа деген қамқорлықтың, сүйіспеншілік пен өзара түсіністіктің үлгісі, деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігінң тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Вайнах» чешен және ингуш ұлттарының мәдениетін дамыту қауымдастығының мүшесі Ахмет Мурадов.
Астана қаласы19 Наурыз , 15:43

«Кеңес Одағы тұсында біз Қазақстанда тұрдық. Ол кезде бұл мерекені атап өтпек түгілі ол туралы  айтуға да болмайтын.  Біз ол уақытта  Наурызды 14-ні наурызда қарсы алатынбыз. Біз бір-бірімізді құттықтап, жылы тілектерімізді білдіреміз, оның  өзі де от басында, ошақ қасында өтетін. Бұл мереке алғаш рет 1988 жылдан бастап ресми түрде атап өтіле бастады. Осы уақыттан бастап қалың көпшілік дәстүрлі мереке туралы көп білетін болды»,-деді депутат.

Оның сөзінше, осы мереке кезінде жер бетіндегі бар нәрсенің барлығы оянады. Күн жылынып, жер көктеп, гүлдер сала бастайды. «Ең бастысы осы нәрселердің барлығы адамның жан дүниесінде болуы керек. Наурыз ол адамдардың бір-біріне деген кешірімді болуы, жан-жағыңдағыларға деген қамқорлықтың белгісі. Бұл достарыңмен жүздесу, қуаныш, шаттану сияқты сезімге бөлену, жалпы алғанда бұл мереке әдеттегі адами қасиеттердің көрінісі. Өзара түсіністік пен сыйластық та осы қарапайым адами қасиеттердің арқасында ғана мүмкін болатын жағдай»,-деді А.Мурадов.  

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика