Халықаралық интеграция

Астанада халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бірінші орынбасары Иоган Меркельдің Еуропа Кеңесінің Бас хатшылығының адам құқығы және заңдылықты сақтау бойынша Бас директоратының Бас директоры Филип Буайямен кездесуі өтті, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы19 Наурыз , 19:17

Хабарланғандай, И. Меркель сұхбаттасына Бас прокуратура жұмысының басты бағыттары туралы ақпарат беріп, халықаралық қатынастарды дамыту  және халықаралық құқықтық қауымдастыққа бірігу мәселесі қазақстандық прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі екендігін баса айтты.

«Тараптар Қазақстан әділет жүйесінің тиімділігі мен сапасын одан әрі жақсарту бойынша қазақстандық өкіметті қолдау бойынша Бірлескен бағдарламаны іске қосу мәселесін қолдап, оны әрі қарай нәтижелі жүзеге асыруға сенімділіктерін білдірді», - делінген хабарламада.

Осыған орай Еуропа Кеңесінің «2014-2015 жылындағы Қазақстанмен көршілестік саясаты шеңберіндегі ынтымақтастық басымдылықтары» іс-әрекет жоспарының басты мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының қылмыс саласындағы сот ісі бойынша еуропалық конвенцияларына қосылу мүмкіндігіне жағдай жасау екендігі атап өтілді.

Оған қоса кездесуде Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңнамасын жүзеге асыру мәселелері, түрмедегі адамдар санын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ Қазақстанның Еуропалық прокурорлардың  консультативті кеңесінде бақылаушы мәртебесін алуы туралы мүмкіндігі талқыланды.

Ф.Буайя қабылдау және мазмұнды ақпарат үшін ризашылығын білдірді.

 

 




Яндекс.Метрика