Ұлтаралық бірлік

Ақтөбелік поляктардың «Святло» этномәдени бірлестігі 15 жылдығын атап өтті

Облыстағы 19 этномәдени бірлестіктердің бірі - поляктың «Святло» мәдени орталығы өзінің құрылғанына 15 жыл толуын атап өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе20 Наурыз , 09:26

Облыстық Достық үйіне туысқан этномәдени бірлестіктер өкілдерімен бірге қандастарын құттықтауға Польша Республикасының Алматыдағы бас консулы Анджей Папеж  бен бас консульдықтың 1-ші кеңесшісі Радослав Грук те келді.

Басқарма хабарлағандай, қазақстандық поляктардың тарихы 19-шы ғасырдан басталады, сол кезде Шығыс Польша аумағында көтерілісті күшпен басқаннан кейін самодержавиеге сенімсіз көтерілісшілер біздің өлкеге қоныстандырылды. Екі дүниежүзілік соғыс, қуғын-сүргін, күштеп қоныстандыру, тың игеру. Бұл науқандардың барлығы да жаппай мәжбүрлі көші-қонға ұласты. Соның нәтижесінде Қазақстандағы поляк диаспорасы үнемі толығып отырды. 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ жерінде поляктар болуы тарихындағы жаңа кезең болды. 2000 жылы Ақтөбеде «Святло» поляк ұлттық-мәдени орталығы құрылды.

Осы оқиғаға орай салтанатты Ақтөбе облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жолдас Нұршин мен облыстық мәдениет басқармасының бөлім меңгерушісі Лейла Омарова ашып, этномәдени бірлестік белсенділері мен қонақтарға алғысхаттар мен сыйлықтар тапсырды.

«Святло»  ақтөбелік орталығы өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Мен оны Қазақстандағы поляк орталықтарының таңдаулы үштігіне қосар едім. Бұған мұнда жағдайлар жасалған, менің бауырларым өздерінің тілін дамытуда, мәдениетін, дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктерін сақтауда», - деп өз пікірін білдірді пан Папеж.

Бұдан кейін үлкен мерекелік концерт болды, оны дәстүр бойынша «Достық сазы» фольклорлық ансамблі ашып, поляк өнерпаздарымен қатар облыстық ҚХА-ның басқа да шығармашыл ұжымдары өнер көрсетті. 
Салтанатты шарада «Святло» этномәдени бірлестігінің он үш белсендісіне поляк картасы тапсырылды.

«Поляк картасы - Польша азаматының жеке куәлігі емес, бірақ та ол поляктарға ғана емес, оны иеленген басқа да поляк тілін білетін, біздің мәдениетімізбен таныс және поляк дәстүрлерін қолдайтын  шетелдіктерге  елеулі жеңілдіктер береді, - деп нақтылады Анджей Папеж. - Оған тегін виза ашу, Польша жоғары оқу орындарында бюджеттік негізде білім алу, емделу, көлік шығындарына жеңілдіктер және басқалары кіреді. ҚХА сияқты консульдық та поляктардың этномәдени бірлестіктерінің барлық бастамаларын қолдайды».

Сондай-ақ бас консул жақында қол жеткізілген Ақтөбе облысы әкімдігі мен ҚР білім және ғылым министрлігімен уағдаластықтарға сәйкес 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Польшадан «Святло» жанындағы жексенбілік мектепте поляк тілінен сабақ беруге мұғалім келетінін жеткізді.

Ақтөбелік поляктарды бірлестіктің құрылғанына 15 жыл толуымен қала билігінің өкілдері, Достық үйінің және облыстың басқа да этномәдени бірлестіктерінің басшылары құттықтады.   




Яндекс.Метрика