Адами капитал

Меркедегі 11971 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті (Фото)

Жамбыл облысы Мерке қаласында 11971 әскери бөлімінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен ашық есік күні өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Жамбыл 19 Наурыз, 20:43

Бөлім әскери қызметшілерінің отбасы мүшелері үшін әскери техника, қару-жарақ және жабдықтандырудың көрсетілімі ұйымдастырылып, қонақтар казарма және жеке құрамның күн тәртібімен танысты. Әр тоқсанда екі мәрте әскери бөлімде өткізілетін бүгінгі шараға 80 адам қатысты.

Осы әскери бөлімде әлеуметтік және ағартушылық сипаттағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында осы бөлімнің жеке құрамы аудандық орталық кітапханамен бірлесе отырып Бауыржан Момышұлының 105 жылдығына арналған кеш ұйымдастырған болатын. Сонымен қатар, әскери бөлімнің әйелдер кеңесі В. Савва атындағы «Бақыт» балалар үйіндегі қыздар тобына барып қайтты.

Осы топта тәрбиеленетін 13 қыз бала үшін бұл көтеріңкі көңіл, мол қуаныш сыйлаған ұмытылмас мерекеге айналды. Әскери қызметшілер қыздарды көктемгі мерекемен құттықтап, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарын тарту етті. Қазақстандық армияның әскери қызметшілері қамқорлық пен рухани жылылыққа мұқтаж адамдарға үнемі көмектесетіндігін айта кеткен жөн.

Еліміздің әр әскери бөлімдеріне көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері бекітілген. Олармен кездесу әр мереке сайын ұйымдастырылады, көп жағдайда әскери қызметшілер өздері шынайы ықыластарын білдіріп, қамқорлыққа алынған адамдарға барып қайтады.


 





Яндекс.Метрика