Экономика

Энергетика министрлігі газды автомобиль жанармайы ретінде тарату бойынша меморандум түзді

Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» компаниясы және «Гелиос» жанар-жағармай станциясы ортасында ынтымақтастық туралы меморандум түзілді, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Астана қаласы19 Наурыз , 11:29

«Бүгінде елдегі жанар-жағармай станцияларының саны 500-ді құрайды, бұл жеткіліксіз. Сондықтан да біз  Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз» - өңдеу және маркетинг», «Гелиос» жанар-жағармай станциялары жүйесімен ынтымақтастық туралы мемрандум түздік», - деді ол.

Мырзағалиев атап өткендей, төменгі көмірсутекті газ бензиннің баламасы болып саналады.

«Бензин мен газ арасындағы айырмашылық орнатылмағандықтан, басты басымдылық газдың бағасы болып есептеледі, ол бүгінде мемлекетпен реттелуде. Соңғы жылдары көмірсутекті газдың тоннасына 31-38 мың теңге аралығында қою жоспарланған. Сондай-ақ, елдің жанармай бекеттерінде, оның ішінде Маңғыстау облысында 32 теңге, солтүстік және шығыс аймақтарда 50-60 теңгені құрады. Осы жылдың наурыз айынан бастап әлемдік баға белгілеудің түсуіне орай біз көмірсутекті газдың бағасын тоннасына 11 мың теңгені бекіткелі отырмыз», - деді ол.

Энергетика вице-министрі атап өткендей, аталмыш отын түрі автокөлік жүргізушілеріне қолжетімді бола түседі. Алайда, Қазақстан аймағын бұл жанармайды қолдану кең айналымға түсе қойған жоқ. Оның себебі инфрақұрылымның барынша дамымағаны.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика