Өңірлер

ШҚО-да медтуризм бойынша жоспар әзірленеді

ШҚО әкімдігінің кеңейтілген отырысында Даниал Ахметов аймақтағы медициналық туризмді жолға қоюдың негізгі жоспарын әзірлеуге 4 ай уақыт берді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық ортаылығы.
Шығыс Қазақстан19 Наурыз , 12:49

Аймақ басшысымен белгіленген тапсырма бойынша, жоспардың негізгі нысаны заманауи технологиялармен жабдықталатын медициналық мекеме салынғалы отырған Семей қаласына бағытталмақ. Мұнда гемотологиялық орталық салу жоспарланған.

«4 айдың ішінде шетелдік мамандарды тарту арқылы нақты жоспар даярлауларыңыз керек. Сол арқылы біз жүзеге асыру механизмінің жолын анықтаймыз», – деді облыс әкімі.

Отырыс барысында Ержан Сембинов Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін туристік саласының Концепциясын жүзеге асыру аясында ШҚО туристік саласын дамытудың Жол картасымен таныстырды.

Бүгінгі күні облыста туризмді дамытудың экологиялық, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, су, жаяу, ауыл және тау шаңғылы 7 бағыты белгіленген. Ағымдағы жылдың наурыз айының 5-нде Семей қаласында болған аймақ басшысы туризмнің емдеу-сауықтыру бағыты бойынша шаһарда бірегей медициналық кешен құрылатының мәлімдеген болатын.




Яндекс.Метрика