Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2030 жылы Қазақстанда тұтынылатын газ көлемі 18 миллиард текше метрге жетеді –М.Мырзағалиев

Алдын ала болжамдарға сәйкес, Қазақстанда 2030 жылы газды тұтыну көлемі 18 миллиард текше метрге жетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.
Астана қаласы19 Наурыз , 11:17

«Өткен жылдың қараша айында елімізді газдандырудың Бас жобасы жасалды. Біздің болжамымызша, 2030 жылы елде газды тұтыну көлемі қазіргі 12 миллиард текше метрден 18 миллиард текше метрге дейін жететін болады. Бұның барлығы да мемлекетімізді газдандыру шараларының аясында атқарылып жатқан жұмыстар»,- деді министрдің орынбасары.

Оның сөзінше, елімізді газдандыру жұмыстарының аясында мыңдаған километр газ құбырлары салынады. «Бүгін бізде 14 мың километр газ құбыры бар болса, болашақта біз бұл көрсеткішті 30 мыңға жеткізбекпіз», -деп нақтылады вице-министр. 

Осы ретте ол 2030 жылға дейінгі осы бағытқа жұмсалуы тиіс инвестициялар көлемі 656 миллиард теңгені құрып отырғандығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы елімізде тұтынылған газ көлемі 12,4 миллиард текше метрді құрады. 2009 жылдан бері тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету 5 миллионнан 7 миллион адамға дейін жеткен.

Индира Кауметова

 

  




Дерекнама

Яндекс.Метрика