Өңірлер

Ақмола облысында БЖК бағдарламасы бойынша балаларға арналған ойын-сауық орталығы ашылды (ФОТО)

Щучье қаласында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша балаларға арналған ойын-сауық орталығы ашылды, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 19 Наурыз, 15:08

«Кәсіпкер Біләл Сәкенов 92 млн теңге несие алып, өз бизнесін кеңейтті, ол балаларға арналған ойын-сауық кешенін ашты», - делінген хабарламада.

Кешеннің ашылуына Шуче балалар үйінің тәрбиеленушілері қонаққа шақырылды. Балалар үлкен қуанышпен уақыт өткізді және ойын-сауық орталығының әкімшілігі оларға апта сайын тегін келуге мүмкіндік беретін шақыру қағаздарын сыйға тартты.

Өзінің пікірімен қала тұрғыны Анар Ысқақова бөлісті. «Екі қыз тәрбиелеп отырмын, бүгін біз үшін үлкен қуаныш, біздің қаламызда балаларға арналған ойын-сауық орталығы ашылды, мұнда бағаларда қалта көтерліктей», - деді ол.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің барлық құралардары бар, ол кез-келген деңгейдегі кәсіпкерге өз мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Мен елімізде осындай бағдарламаның болғанына қуаныштымын», -  деп ағынан жарылды кешеннің директоры Б.Сәкенов.

Естеріңізге сала кетейік, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы отандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсететін Қазақстандағы бірегей мемлекеттік жоба, ол өзінің тиімділігін нақты нәтижелермен дәлелдеуде.





Дерекнама

Яндекс.Метрика