Білім беру

Алматыда 880 мүмкіндігі шектеулі бала инклюзивті білім берумен қамтылған

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалардың қалалық реабилитациялық орталығы базасында психологиялық-медико-педагогикалық консультациясының тұсаукесер рәсімі өтті.
Алматы қаласы19 Наурыз , 12:17

«Дара» қайырымдылық қорының көмегімен аталған консультацияда Монтессори кабинеті жасақталған, емдеу-денешынықтыру залы қажетті қондырғылармен жабдықталған, мебель, оргтехника және басқа да қажетті материалдар толықтай қамтамасыз етілген.

Әкім қала Концепциясы аясында мектеп жасына дейінгі білім берудің вариативті түрінің құрамдас бөлігі болып табылатын инклюзивті білім беруге кембағал балаларды кеңінен тарту және осы білім жүйесімен оларды қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі екендігін атап өтті. Коррекциялық мекемелер жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 2 жастан 7 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және олардың түрлі мүкістерін түзету жұмыстары тегін жүзеге асады. Статистикаға сәйкес, кембағал балаларды сәби шағынан емдеу олардың әлеуметтік жағынан тез бейімделуіне, жалпы білім беретін мектептерде оқуына оң ықпал етеді.

«Осылайша біз ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың дұрыс білім алуын қамтамасыз етеміз. Демек, бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын табатын болады, бүгінші ашылып отырған ПМПК қаладағы үшінші», - деді Ахметжан Есімов.

Айта кетейік,  № 3 ПМПК 2014 жылдың қыркүйек айынан бері қарай Алматы қалалық реабилитациялық орталық құрамында жұмыс істеп келеді. Осы кезең ішінде 227 балаға коррекциялық көмек көрсетілді, 70 балаға көмек екінші қайтара көрсетілді. Қазіргі кезде ПМПК жанынан 4 коррекциялық-диагностикалық топ ашылған. Бұл топтағы балалар дамуы жағынан кешеуілдеген әрі жастары бірдей принципі бойынша (5-6 жастағы 82 бала) жасақталған. Мұндағы кембағал балаларға сабақ тереңдетіліп оқытылады, олардың арасында құлағының, көзінің мүкісі бар және қозғалуы қиын балалар бар. Олар ерекше бақылауға алынады, содан кейін ғана нақтылы диагноз қойылады. Жалпы, Алматыда 883 бала коррекциялық көмекпен қамтылған.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика