ҚР ИИДМБ

Қазақстанда құнды мұнай-химиялық шикізат өндіретін кешен салу жоспарлануда

Атырау облысында полипропилен, полиэтилен сияқты мұнай-химиялық шикізат өндіретін кешен ашу жоспарлануда, деп хабарлады Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы19 Наурыз , 10:56

«Бүгінгі таңда елде жоғарықысымды газ өндіретін 10 өндіріс ошағы бар. Олар: ТШО, СиэенПиСи, Ақтөбе Мұнайгаз бен Қазақстандағы 3 мұнай өндіру зауыты және тағы басқалар. Біз қазір 2,5 миллион тонна газ өндіреміз де оның 600 тоннасын тұтынамыз. Осылайша, біздің ішкі нарығымызда жоғарқысымды газ көлемі артық болып тұр, яғни біз өзіміз тұтынатын газдан артық көлемде өнім өндіреміз. Артық өндірілген газ экспортқа жөнелтіледі. Сол себепті бізге  полипропилен, полиэтилен сияқты құнды мұнайхимиялық өнімдерді өндіретін кешен салу қажет болып тұр. Бұл өнімдердің барлығы сонымен қатар біздің күнделікті тұрмысымызда қолданылатын өнімдерге негіз болатын шикізат көздері»,-деді М.Мырзагалиев.

Вице-министрдің айтуынша, жоба Атырау облысында осы уақытта салынып жатқан индустриалды мұнай-химиялық парк құрылысы жұмыстарының аясында іске асырылады.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда Қазақстан-Қытай газ құбырының 3-ші бағытының құрылысы аяқталуға таяу екендігін және аталмыш бағыт жылына 55 миллиард текше метр газ тасымалын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті Бұған қоса Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралды газ құбырының құрылысы да жүріп жатыр.

«2013 жылы Бозой-Шымкент бағытындағы құбырдың желілік бөлігі аяқталды, ал биылғы жылы Бейнеу-Бозой бағытындағы желілік бөлік аяқталады. Осы газ құбырының арқасында еліміздің оңтүстік өңірлеріне қажетті газ тасымалдау мәселесі шешіліп, артық газды шығысқа жөнелтуге жол ашылады», деді  министрдің орынбасары.

Индира Кауметова

  

 




Яндекс.Метрика