Адамзаттық капитал

СҚО әкiмi ҰОС ардагерлерiне мерейтойлық медальдар тапсырды

Өңiр басшысы ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 70 жыл» медалiн тапсырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан19 Наурыз , 11:43

«Биыл халқымыз үшiн ерекше жыл. Егемен елiмiз Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығын лайықты атап өтуге дайындық үстiнде. Бiз майданның алғы шебiнде жауынгерлiк ерлiк көрсеткен, тылда еңбек еткен әрбiр ардагерге алғысымызды бiлдiремiз. Шайқас даласынан қайтып келмегендердi еске аламыз. Мiне, бүгiн соғыс ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерiнiң ерлiгiне, қаһармандығы мен қайсарлығына құрмет көрсете отырып, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған мерекелiк медальдарды табыс етемiз», — дедi өңiр басшысы.

Ардагерлер атынан сөз алған тыл еңбеккерi Жақсылық Ысқақов аға ұрпаққа жасалып жатқан құрметке ризашылығын бiлдiрдi. «Мен болашақта тек мерейтойлық медальдар тапсырылса екен деймiн. Немере-шөберелерiмiз қолдарында тек қана ойыншық қару ұстасын деймiн. Бiздiң Елбасымыздың тыныштықты сақтау жолындағы атқарып жатқан жұмысына баға жетпес»,- дедi Жақсылық Ысқақұлы.

Ерiк Сұлтанов ардагерлердi келе жатқан мейраммен құттықтап, мықты денсаулық, бейбiтшiлiк пен амандық тiледi.

Бүгiнде Солтүстiк Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының 273 ардагерi тұрады.




Яндекс.Метрика