Ұлтаралық бірлік

Н. Калашникова: Наурыз Қазақстан үшін достық, үміт пен көктемгі ояну мейрамы

Наурыз Қазақстан үшін достық, үміт пен көктемгі ояну мейрамы. Бұл туралы «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзиві сұхбатында ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Наталья Калашникова хабарлады.
Астана қаласы19 Наурыз , 10:41

«Наурыз  ол ғажап мейрам, ол осымен 20 жыл бойы тарихы терең мейрам ретінде аталып келеді. Ол - достық, үміт пен көктемгі ояну мейрамы», - деп ағынан жарылды Н.Калашникова.

Сонымен қатар, мекеме басшысы атап өткендей, елімізде Наурызды атап өту күндері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің Қазақстаным» пойызы іске қосылады, ол Ассамблея жылына арналған. Пойыздың жүру бағыты 28 станцияны құрады.

«Мейрамды атап өту 3-4 күнмен шектелмейді, бұл мерекені 40 күн тойлауға болады. Бір-бірімімізбен араласамыз, жаңа достар табамыз, Қазақстанның біртұтас халқы ретінде ортақ мәдниетімізді дәріптейміз», - деп толықтырды Калашникова.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика