Халықаралық интеграция

Қытайдың әскери қызметшілері танк биатлонынан тәжірибе алу үшін Қазақстанға келеді (Фото)

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Қарулы Күштері өкілдерінің екіжақты кездесуі болып өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 19 Наурыз, 10:25

Кездесу барысында екі елдің әскерилері «Танк биатлоны-2015» халықаралық чемпионатына даярлық аясында танк экипаждарын бірлесіп жаттықтыруды талқылады. Үстіміздегі жылы Қазақстан аумағында ҚХР Қарулы Күштерінің 4 танк экипажы арнайы даярлықтан өтсе, маусым айында қазақстандық әскерлер Қытай аумағында дайындықтан өтеді.

Екі елдің өкілдері танк экипаждарын даярлау мәселесінде біржақты шешімге келді. Атап айтқанда, осы жаттығулар шеңберінде Қытай Халық Республикасының Қарулы Күштеріне дайындық әдісмен танысуға мүмкіндік туып отыр. Қазақстан және Қытай экипаждарының қатысуымен өтетін осыған ұқсас жаттығулар Үндістандада өтеді.

Бұл орайда  мамыр айында Қазақстанға Үндістанның әскериөкілдері келеді деп жоспарлануда. Алғаш рет танк биатлоны бойынша халықаралық жарыс 2013 жылы Мәскеу маңындағы Алабино полигонында өткенін атап өткен жөн. Жарысқа Ресей, Армения, Беларусь және Қазақстанның танк экипаждары қатысты.

Қазақтанның әскери қызметшілерінен құралған команда осы сайыста екінші орынға ие болды, 2014 жылы да біздің экипаж екінші орын алды. Қазақстан жауынгерлерінің танк биатлоны саласында жеткен жоғарғы жетістіктері мен жүлделері ҚХР мен Үндістанның әскери қызметшілерін ҚР Қарулы Күштерінен тәжірибе алудағы ынтасын арттырып отыр. 

 





Яндекс.Метрика