Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда қазақстандық қамту деңгейі 89 пайызға жетті

Петропавл қаласында «Қазақстан 2050» жалпыхалықтық қозғалысының қолдауымен «Қазақстанда жасалған» деген тақырыппен кәсіпкерлердің аймақтық форумы өтті.
Солтүстік Қазақстан 19 Наурыз, 10:09

Аталмыш шараны Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды. Шараға ұлттық компаниялар мен холдингтердің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органдардың, қорлар мен даму институттарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды «Қазақстан 2050» жалпыхалықтық қозғалысының баспасөз қызметі.  

Жиынды ашқан облыс басшысы Ерік Сұлтанов аймақта қазақтандық қамту мәселесіне қатысты жиындардың жиі ұйымдастырылып оның барысында тиісті Меморандумдар қабылданып жатқандығын атап өтті.  «Сонымен қатар бүгінгі таңда елде жүріп жатқан «Қазақстанда жасалған» акциясы бойынша қалалар мен облыс тұрғындарының арасында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында да біз жергілікті өнім өндірушілерді қолдауды жоспарлап отырмыз. Ал бүгінгі форум осы бағыттағы жұмыстарға серпін беріп, екіжақты ынтымақтастықты арттырып, іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді»,-деді аймақ басшысы.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы отандық өнім өндірушілерді ынталандыру үшін кешенді шаралар мен жеңілдіктер қарастырып отыр. Айталық өткен жылы аграрлық секторды қолдау жұмыстары күшейтіліп, осы салаға бөлінетін субсидиялар 16,7 миллиард теңгеге дейін артқан. «Бұған қоса технологиялық жаңғырту шараларын жүргізіп жатқан кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін мемлекет өз мойнына алмақ»,-деді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

Сондай-ақ ол сөзінде Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпорындарды тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілгендігін атап өтті. Жоспардың құны 10 миллиард теңгені құрайды. Осы бағыттағы жұмыстардың арқасында өткен жылмен салыстырғанда аймақтағы тауарлардағы қазақстандық қамту 34-тен 89 пайызға жеткен.

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика