Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

2015-2019 жылдары ИИДМБ аясында қайта өңдеу саласында жұмыспен қамту өсімі 30 мың адамды құрайды

2015-2019 жылдарда Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта өңдеу саласында жұмыспен қамту өсімі 30 мыңдай адамды құрайды. Бұл туралы «Strategy2050.kz» ақпаратық агенттігіне «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-дан хабарлады.
Казахстан19 Наурыз , 11:13

«Қайта өңдеу саласында жұмыспен қамту үлесінің өсімі 30 мыңдай адамды құрайды, бұл жоғары өнімді жұмыс орындары», - деп ведомстводан мәлімдеді.

Сонымен қатар, хабарламада аталып өткендей, құрылыс материалдарын өндіру саласында ең көп  жұмыс орындары ашылады, онда өсім 7,7 мың адамды құрайды. Содан соң автокөлік құралдарын, бөліктерін, қозғалтқыштарын өндіру саласындада жұмыспен қамту үлесі артады, онда өсім 4,8 мың адамды құрайды.

«Қара металлургияда - 3,1 мың адамға, мұнайгазхимияда - 2,6 мың адамға, азық-түлік өнімдерінің өндірісінде - 2,4 мың адамға және электр құралдар саласында - 2 мың адамға жұмыспен қамту көрсеткіші артады», - делінген хабарламада.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика